Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылдық округі әкіміне кандидат Доскалиев Сламгали Калниязович

Өмірбаяны

Доскалиев Сламгали Калниязович 1981 жылы 12 маусымда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Тұрғызба ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

Білімі арнаулы орта. Атырау гуманитарлық- техникалық колледжін экономика, бухгалтерлік есеп және бақылау мамандығы бойынша бітірген.

2003-2004жж.- Жылыой аудандық өкпе аурулар ауруханасында есепші қызметін атқарған.

2004-2009жж. - Жылыой аудандық өкпе аурулар ауруханасында кадр жөніндегі инспектор қызметін атқарған.

2009-2013 жж. - Жылыой аудандық өкпе аурулар ауруханасында экономист қызметін атқарған.

2013ж. бүгінгі уақытқа дейін - Жылыой ауданы, Жем ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарып келеді.

Құрметті сайлаушылар!

Сіздердің қарауларыңызға Қосшағыл ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.

-Ауылшаруашылығын, шаруа қожалықтарды және  ауылшаруашылық өнімдерін жан-жақты өңдеуді мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру;

-Экология. Ауылды көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын үнемі жүргізу.

-Әлеуметтік қорғау. Мүгедектерге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, тұрмысы төмен отбасыларға және көпбалалы аналарға үнемі көмек көрсетіп, бақылауда ұстау.

-Жастарды ауылға тарту және тұрақты жұмыспен қамту, балалар мен жасөспірімдердің өз уақыттарын тиімді өткізулеріне мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасау.

Құрметті сайлаушылар!

Менің азаматтық борышым, мақсатым – Қосшағыл ауылдық округін көркейту, оның өркендеуі үшін, халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту үшін еңбек ету.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT