Жылыой аудандық штабы жұмысын жалғастыруда

Конституциялық реформа – мемлекетімізді одан әрі демократияландыру жолындағы маңызды тарихи кезең. Бұл реформалар саяси-әлеуметтік дамуға, экономикалық жаңару мен жаңғыруға үлкен серпін береді.

Еліміздің саяси-құқықтық өзгерістердің нәтижелі болуын қамтамасыз етуге, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың жаңа тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің қалыптасуына ықпал ететін конституциялық реформалардың маңызы зор.

Бүгін, «AMANAT» партиясының Жылыой аудандық филиалы жанынан құрылған арнайы штабтың мүшесі Құспан Дастан Иван аудандағы "Askar-Training" оқу орталығы саласының қызметкерлерімен конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде ұжымға 5 маусымда өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдум бойынша түсіндіру жұмыстары және өзгеріс енгізілетін бағыттары туралы түсіндіріліп, алдағы референдумға белсенді қатынасуға шақырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521