Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Мұны жылыойлықтар да зор ықыласпен тыңдап, қабыл алды.

Президенттің әр жылғы Жолдауында Үкімет алдына қойған міндеттері ретімен нәтиже беріп келеді. Биылғы Жолдауда да Мемлекет басшысы бірнеше тапсырма берді. Оның ішінде, халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту үшін кешенді жоспар жүзеге асып жатыр. Президент «Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді» деді.

Осы айтылған сөздері іс жүзінде өз деңгейінде орындалып келе жатқаны көңіл қуантады. Қазір дәрігер, мұғалім мамандығына түсіп, білімін шыңдап жатқан жастар көп. Және Жолдауда айтылған «Жайлы мектеп» жобасы аясында да ауданда жаңа мектептер бой көтеріп жатса, жаңа аурухана да жұртшылыққа есігін айқара ашпақ. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынғанын тілге тиек етті. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Бұл да жақсы жаңалық. «Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Мен нақты іске асқан шаралардың бір бөлігін ғана атап өттім. Шын мәнінде, көп жұмыс атқарылды, болашақта да өз жалғасын табады» деген Президент Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыты айқын көрініс тапты.

Мемлекетіміздің әрбір тұрғыны Президент Жолдауының маңызын ұғына отырып, ондағы тапсырмалардың реттілікпен іске асуына жұмыла еңбек етуі тиіс.
Мұстахима Малашқызы,

ардагер мұнайшы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз