Жасұлан Бисембиев АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті

Кездесуде Жасұлан Бисембиев Атырау мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстың дамып келе жатқандығын айтып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Бұдан кейін тараптар қазақ-америка әріптестігінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Екіжақты кездесуде сауда-экономикалық қатынас пен туризмді, сондай-ақ ауылшаруашылығын дамыту, «Сарайшық» сапар орталығының жұмысы секілді мәселелерді талқылады.

Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында Атырау облысының АҚШ-пен сыртқы сауда айналымы 50,1 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт - 436,9 мың АҚШ доллары, импорт - 49,6 млн АҚШ доллары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз