Владимир Путин екі елдің қарым-қатынасы туралы мақала жариялады

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасына кезекті мемлекеттік сапары аясында «Казахстанская правда» газетіне көлемді мақаласын жариялады. РФ Президенті өз мақаласында екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері мен алға қойған ортақ саяси жоспарлары туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ
 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ

 
Владимир Путин екі елдің қарым-қатынасы туралы мақала жариялады

Фото: Ақорда

Владимир Путин Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығы шын мәнінде одақтас сипатқа ие екенін және барлық бағыттар бойынша белсенді дамуын жалғастыратынын атап өтті.

«Біздің серіктестігіміз достық, тату көршілік және өзара көмек дәстүрлеріне сүйенеді, теңдік пен бір-біріміздің мүдделерімізді құрметтеудің мызғымас қағидаттарына негізделеді. Ресей мен Қазақстан халқын мәдени, рухани және адамгершілік құндылықтар, біртұтас мемлекеттегі өмірдің ғасырлық тарихы, бірлескен жетістіктер мен жеңістер байланыстырады», деп жазды Владимир Путин.

Сондай-ақ Ресей Президенті келесі жылы қос мемлекет Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтетінін тілге тиек етті. Осы ретте Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты 9 мамырда Мәскеуде өтетін ауқымды іс-шараға шақырды.

«Ресей де, Қазақстан да нацизмге қарсы иық тіресе күрескен әкелері мен аталарының ерлігін еске алып, қасиетті түрде құрметтейді. Ал біз, әрине, болашақ ұрпақ бейбітшілік пен бостандық қандай бағамен қорғалғанын есте сақтауы үшін барлығын істеуіміз керек. Бұл, әсіресе, тең құқықты ынтымақтастыққа негізделетін және егеменді дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашатын көпполярлы әлемдік тәртіп қалыптасып жатқан уақытта ерекше маңызға ие», деп жазды Ресей Президенті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT