Теңіз кен орнында кездесу өтті

Бүгін, Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов Теңіз кен орнында орналасқан "Теңізшевройл" ЖШС-нің мердігер және қосалқы мердігер мекемелер басшыларымен Теңіз кен орнында кездесулер өткізді.

«Теңізшевройл» ЖШС қарасты мердігер және қосалқы мердігер мекемелері "Сичим", "Кентек", "CCEP", "Сенімді құрылыс" басшыларымен кездесті.

Жиында 4-мәселе қаралды:

-Аудан бойынша жұмыссыздардың жұмыспен қамту мәселесі;

-Еңбек дауларының алдын алу, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуы және Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері;

-"ТШО" ЖШС-не мердігер мекемелер қызметкерлерінің жалақы мөлшерін 50%-ға көтеру жұмыстары;

-Жаңадан ашылатын жұмыс орындарына жергілікті азаматтарды жұмысқа тарту және Жылыой азаматтарын жұмыстан қысқартпау туралы.

Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов әр мекеменің атқарылған жұмыстарына жеке-жеке тоқталып, аудан тұрғындарын бірінші кезекте жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жылыой аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Н.Сауытов Теңіз кенішінде әлеуметтік шиеленісті болдырмау, мекеме қызметкерлерінің электрондық еңбек шарттарын жасау және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын ай сайын аудару заңдылықтарын түсіндірді.

Жиын қорытындысында аудан әкімі Х.Жамалов Теңіз кенішіндегі мекемелерге берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауына алатынын атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521