«Су кеңесін» жандандыру

Жолдауда айтылған маңызды мәселенің бірі ол - су.

Су - Орталық Азиядағы ең жанды, күрделі мәселенің бірі. Себебі сусыз тіршілік жоқ. Тек Орта Азия ғана емес, дүниежүзінде су тапшылығы сезілуде. Президент су тапшылығы мәселесін шешу үшін арнайы «Су кеңесін» қайта құру мен су саласындағы мамандарды дайындау қажеттігін айтты. Шынында да осы өмірлік маңызды саланы егжей-тегжейлі білетін мамандардың тапшы екені рас. Ауданымызда да су шаруашылығы бөлімі тұрмақ, су жайын білетін дұрыс маман жоқ.

«Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтырып отыр.  Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес. Атап айтқанда, инфрақұрылым әбден тозған. Сондай-ақ, автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен. Ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы.  Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет, білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек. Қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн. Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек»,- деді Президент. Толықтай қосыламын. Өткен жылдарда қуаңшылық болғанда мал бағумен айналысатын шаруа қожалықтары қиналып, күйзеліп кетті. Егін, бау-бақшамен шұғылданатын кәсіпкерлер де өзге жақтардан жер іздеп , дала кезіп кетті. Бұл суды үнемдеп, ғылыми тұрғыда дұрыс пайлана білмеудің қаншалықты қауіпті екендігін көрсетті. Сондықтан ауыл шаруашылығы маманы ретінде Жолдаудағы осы айтылған шешімдерді толығымен қостаймын әрі тез арада жүзеге ассын деп тілеймін.

 

Бақтығали Тілеуұлы,

«Ащысай» шаруа қожалығының жетекшісі

 

фото: tengrinews.kz

 

 

 

                

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT