Биылғы жылы елімізде жаңа әділетті Қазақстан құру жолында әлеуметтік-саяси реформалар жүзеге асуда. Соның бірі – биылғы жылғы кезектен тыс Президент сайлауы. Биылғы 2022 жыл саяси өзгерістерге бастайтын тарихи жыл болмақ. Өйткені алдымен мемлекет басшысы ҚР-ның заңнамасына өзгерітулер мен толықтырулар енгізді. Енді міне, тағы өзгерістерге бастар жол – сайлау. Бұл жаңалықтар мен өзгерістерді жұртшылық қуанышпен қабылдап отыр. Өйткені бұл еліміздің өркендеуі үшін қажет-ақ. 20 қарашада Президент сайлауы өтеді. Бұл үлкен өзгерістердің заңды жалғасы деп білеміз.
Халқымыз қоғамды демократияландыруға бағытталған маңызды шаралардың ықпалын түсініп отыр. Ауқымды шаралардың маңызы қазірдің өзінде белсенді түрде жүргізілуде. Бұл сайлаудың әділ өтуіне бастайтын қадам. Сондықтан шамамыз келгенінше өзгерістерге жаңа қарқынмен қарауымыз керек.
Қоғамды демократияландыруға бағытталған ауқымды шаралардың ықпалын қазақстандықтар қазірдің өзінде аңғарып отыр. Саяси партияларды тіркеудің оңтайлануы, партиялық тізіммен қоса мажоритарлық негізде жекелеген адамдардың өзін-өзі ұсыну мүмкіндігі сайлаудың әділ өтуіне бастайтын бірден-бір қадам болса керек. Жаңа Қазақстанды қапысыз құру үшін сайлау аса қажетті шара. Ендеше, еліміздің жарқын болашағы үшін жаңа бастамаларға қолдау білдірейік. Сіз бен біздің даусымыз - еліміз үшін маңызды.
Н.Әсемғалиев,
жұмысшы