Кездесуге "Атамекен" Палатасының директоры, Жылыой аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі Е.Нұрланов қатысып
Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың еліміздегі орын алған проблемаларды түбегейлі шешу және мемлекетіміздің алдағы уақытта орнықты дамуы үшін Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізуді ұсынғанын айтып, референдумға қатысудың маңыздылығын атап өтті.
Референдумның мақсаты- "жаңа мемлекеттік модельге" көшу. Бұл Жаңа Қазақстанды құрудағы қадамдардың бірі. Конституцияның 33 ке жуық бабы өзгереді, Президенттің өкілеттігі қысқарады және ең бастысы азаматтардың саясатқа қатысуы кеңейеді және алдағы өзгерістер адам құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.
Алғаш рет конституциялық реформа тікелей жалпыхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын болады, сондықтан оған еліміздің барлық азаматтарының қатысуы өте маңызды!
Жиналған ұжым еліміздегі саяси реформалардың керектігін, бұрын соңды болмаған, референдумның халық талқысына шығуын дұрыс ұсыныс деп қабылдап, жергілікті жерге байланысты сұрақтарын да қойып, жауаптарын алды.