Жаңа Қазақстан - жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Дәл осы кезеңде еліміз демократиялық үрдістер салтанат құратын қоғамға қарай бет алды. Онсыз болмайды да. Себебі әлем даму, жаңару, жаһандану процестерін бастан кешуде. Мұндай тарихи мүмкіндіктер кезеңі Қазақстанды да айналып өте алмайды. Сондықтан біз бүгінгі күні болып жатқан оқиғалардың бәріне бей-жай емес, сергек қарауымыз керек. Өйткені болашақ бүгіннен басталады.
20 қараша өткелі тұрған Президент сайлауы - демократиялық құндылықтар бастауында тұрған оқиға. Оған жіті мән беруіміз керек. Сайлау дегенде жұрт әрқилы көзқараста. Басым көпшілігі «менің дауысым маңызды» деп қараса, енді бірлі-жарым адамдар «мен дауыс бермесем де өзгелер өз таңдауын жасар, менің даусымда тұрған не бар?» деп ойлайды. Бұл - қате пікір. Себебі сайлауда қазақстандық әр азаматтық әділ шешімі мен пікірі маңызды. Сайып келгенде маңызды саяси науқанға салғырттық танытуы нағыз жауапсыздық. Себебі әр тұрғынның өзіндік ой-пікірі бар.
Бұл сайлау еліміз үшін оң өзгерістерді, жаңа реформаларды жүзеге асыруда бірден-бір батыл қадам болмақ. Сондықтан бәріміз ел дамуы үшін өз үлесімізді қоса білуіміз керек. Тура 1 айдан кейін Қазақстанның жаңа болашағы шешілмек. Бұл тұста, әрбір қазақстандық азамат жұдырықтай жұмылып, сайлауда белсенділік танытады деген сенімдемін. Жаһандық мәселелерді шешу үшін де ауқымды іс осы – сайлау болмақ.
Саяси науқан жақындап келеді. Еркін елдің әр азаматының жасаған дұрыс таңдауы- еліміз үшін үлкен өзгерістерге жол ашады. Осылайша сайлаудың мәні де, негізі де дауыс беру болып табылады..
А.Жұмабергенова