Реформа және референдум: өзгерістер мен меже

Облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетінің ұйымдастыруымен «Конституциялық реформалар және республикалық референдум: өзгерістер мен меже» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Биылғы 5 маусымда өтетін республикалық референдум және конституциялық толықтырулар мен өзгерістерге қатысты маңызды мәселелерді талқылаған жиынға бірнеше сала өкілдері шақырылды. Мемлекеттік қызмет саласының ардагері Кеңес Қосыбаев, «Қазақстан Халық партиясы» Атырау облыстық филиалының төрағасы, референдумды қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық штаб мүшесі Ерболат Дәулетқазиев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Өмірбек Бекежан, Заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшесі Жанна Шаяхметова, заң саласының ардагері Марат Сүлейменов, Атырау қалалық сотының төрағасы Жасұлан Жақсылық , «Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, партиялық емес бақылау орталығы филиалының басшысы Дәурен Сейітқалиев қатысқан басқосу барысында жоба талқыланып, негізгі басымдықтар аталды. Референдум өткізу, тұрғындардың саяси науқанға қатысу белсенділігін арттыру секілді тақырыптар талқыға түсіп, нақты ұсыныстар айтылды.

Гүлжан ӘМІРОВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз