21 мамырда кезектен тыс «AMANAT» партиясы Жылыой аудандық филиалының Конституциялық референдумды насихаттау штабының топ мүшелері аудандық мәслихат депутаттары Е.Даулетбаев, С.Кенжегалиев, филиал консультанты М.Машенова “Медпрофи” колледжінің студенттері және педагогикалық ұжымымен кездесу өткіздік.
Конституциялық референдум туралы маңызды ақпараттар беріп, дауыс беру тәртібі және Конституция баптарындағы толықтырулар мен өзгерістер туралы айтып, референдумға қатысуға шақырдық.
Өз кезегінде студенттер мен ұжым қызметкерлері елімізде болып жатырған түбегейлі өзгерістер, Президент ұсынған саяси жаңғырулар туралы мәліметтерді жылы қабылдап, Референдумды қолдайтындарын жеткізді. Сонымен қатар, олар Қазақ Тілінің мәртебесін көтеру туралы ұсыныстарын да жолдады.
#ReferendumAMANAT