Жылыой аудандық Жастар ресурстық орталығымен Жылыой ауданының тұрғындарына, халықтың көп шоғырланған жерлерінде Референдумға қатысу маңыздылығы туралы ақпараттық материалдар таратты.
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық Референдумның маңыздылығы түсіндірілді.
Алдағы өзгерістер адам құқықтарын қорғауға бағытталатынын, жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте болуы туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.