ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Н.Тұрғанов Жылыой ауданында Референдум аясында түсінік жұмыстарын жүргізді

Референдумның негізгі мақсаты - "Жаңа мемлекеттік модельге" ауысу. Бұл жаңа Қазақстанды құрудағы қадамдардың бірі. Конституцияның 33-ке жуық бабы өзгереді, Президенттің өкілеттігі қысқарады және ең бастысы, аудан халқының саясатқа араласуы кеңейеді.

Алдағы өзгерістер адам құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.
Айта кету керек, 1995 жылдан бастап алғаш рет конституциялық реформа тікелей жалпыхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын болады. Сондықтан, оған еліміздің барлық азаматтарының қатысуы өте маңызды!
Референдумның маңыздылығын ескере отырып, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы «Құлсары аумақтық» БПҰ-ның мүшелерімен үлкен жиында кездесіп, референдум аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында азаматтар алдағы референдумға қатысты көкейінде жүрген сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сай жауаптарын алып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Өз пікірлерін білдірген тұрғындар конституцияға енгізіліп жатырған өзгерістерді қолдайтындықтарын айтты.
#Referendum

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT