Бұл ұйымда Жылыой ауданы бойынша 20 мектептің әр мектебінен 2 өкілден келіп, қатынасқан болатын. Д.Н.Тұрғанов сөз кезегінде:
1995 жылдан бері алғаш өткелі жатқан референдум – Ата заңымыздың үштен бір бөлігін өзгертуі мүмкін.
Сәйкесінше, еліміздің біршама маңызды салаларында өзгеріс болады.
Конституцияға өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуі тек Қазақстанда емес, көрші елдерде де болып қалыпты саяси процесс (Ресей Федерациясы – 2020 жыл, Қырғызстан – 2021 жыл, Беларус Республикасы – 2022 жыл). Себебі уақыт озған сайын заман талабы өзгеріп келеді. Оған сай болуымыз шарт.
Мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге мүмкіндік беретін Конституциялық референдум – Әділетті Қазақстан ұстанымының бастамасы деуге де негіз бар. Ол биліктің өкілді тармағын (Парламент, мәслихат) айтарлықтай күшейтеді. Жаңартылған Заң аясында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекітуі – елдегі саяси партиялардың тең дәрежеде бәсекеге түсіп, демократиялық үдерісті үдете түсетіні сөзсіз- деп, 5 маусымда өтетін Референдум сайлауына бір кісідей атсалысуға шақырды. #Referendum