Президент сайлауы: үміткерлер кімдер?

Биыл елімізде демократиялық өзгерістерге жол ашылды. Соның бірегейі - 20 қарашада өтетін Президент сайлауы. Бұл саяси науқанның еліміз үшін маңызы зор. Өйткені халық кезектен тыс Президент сайлауында мемлекет басшысын тек қана 7 жыл мерзімге сайлайтын болады. Ал мемлекет басшысы кандидатурасын ұсынған кімдер?

Кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталып, 11 қазанда аяқталды. Партиялар мен қоғамдық ұйымдардан барлығы 12 кандидат ұсынылды. Сонымен кандидаттар туралы не білеміз? Президенттікке алғашқы үміткер «Ауыл» партиясының өкілі Жигули Дайрабаев. 30 қыркүйекте өткен кезектен тыс ХХ съезінде партия төрағасы Әли Бектаев кезектен тыс саяси кеңестің шешімі бойынша президенттік сайлауға Жигули Молдахалықұлын ұсынды. Съезге қатысқан делегаттар бірауыздан бұл пікірді мақұлдап, сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді. Жалпыұлттық социал- демократиялық партия Нұрлан Әуесбаевты кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды. Ал партияның кезектен тыс съезіне жиналғандар бұл ұсынысты қолдады. Кандидат боп тіркелгендердің тағы бірі - Мейрам Қажыкен. 6 қазан күні өткен қолдаушылар форумында халықтық коалиция Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын ұсынды. 7 қазанда «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоңғамдық бірлестіктің кезектен тыс сайлауында Қарақат Әбденнің кандидатурасын ұсынған болатын. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнің барлық талапқа сай келетіндігі, талапқа сай екендігі жөнінде хабарлады. Сол 7 қазан күні «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев ұсынылды. 10 қазанда «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі атынан кандидат ретінде Жұматай Әлиевтің құжаттары тапсырылды. Сондай-ақ 10 қазан күні "Қазақстан Құрылысшылар одағы" республикалық
заңды тұлғалар бірлестігінен Талғат
Файзуллаұлы Ерғалиевтің кандидатурасы ұсынылып, құжаттары тапсырылған. 11 қазанда «Қазақ аналары – дәстүрге жол» атты республикалық қоғамдық бірлестігі кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде Салтанат Тұрсынбекованы ұсынды. 11 қазанда «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі үміткер ретінде Хайролла Мағауияұлы Ғабжалиловты ұсынды.

Сондай-ақ президенттікке кандидаттығын Қазақстан әуесқой футболшылардың қоғамдық бірлестігі атынан Бақыт Маратұлы Жаңабаев құжатын тапсырды. Ел басқаруға үміткерлікке құжаттарды соңғы болып «Тәжірибелік Психология» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Фатима Бизақова тапсырды. «Жалпы 12 үміткер Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды. Біз өз кезегімізде құжаттардың сәйкестігін тексеріп заңға сүйене отырып бүкіл
жқмыстарды жұргіздік. 3 үміткер талапқа
сай болмай шықты»,-дейді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман. Сайлауға талаптары сай келмеген 3
кандидаттың сайлау жарнасы ҚР сайлау 
туралы Конституциялық заңына сәйкескандидаттарға қайтарылатын болады.


А.ЖҰМАБЕРГ
ЕН

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT