Алдағы айда ел үшін маңызды сайлау өтетіні баршамызға белгілі.
Бұл – ең әуелі елдің болашағына үміт артатындар үшін үлкен мүмкіндік, маңызды қадам. Осы жылғы кезектен тыс президент сайлауына 12 адам өз кандидатурасын ұсынған болатын. Бірақ таңдау халықта.
Біз өз дауысымызды ел болашағын сенімді түрде қорғайтын адамға жүктеуіміз керек. Көптің көңіліндегі мәселені шеше алатын, түрлі саладағы реформаларға тиісінше оң нәтиже беретін адам қажет.
Бұл жасалып жатқан реформалар әрі қарай өз жүйесін тауып, жалғасса халық үшін нәтижесін берсе, міне сол халыққа керегі. Сайлаудан меніңде, бүкіл халықтыңда күтетіні осы ел тағдыры. Сондықтан бұл саяси науқаннан тыс қалмайық. Себебі, 1 адамның дауысы да ел тағдыры үшін маңызды. Әр кандидаттармен жеке-жеке өмір жолдарын зерделеп танысып шықтық.
Енді болашағымыз үшін, балалардың болашағы үшін, осы сайлауға атсалысып, белсенді қатысуымыз керек. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші біздің әр дауысымыз маңызды. Ел тағдыры үшін, дамыған мемлекеттердің алды болуымыз үшін бұл саяси мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек.
А.Таубаева