Президент Қазақстандағы кемінде 10 мың шақырым жолды орташа жөндеумен қамтуды және ол бойынша қоғамдық бақылауды күшейтуді тапсырды.
"Біздің автожолдарымыздың жағдайы - өзекті мәселе. Мен бұл туралы бұрын айтқан болатынмын. Ағымдағы жылы бүкіл ел бойынша 12 мың шақырымға жуық автомобиль жолдары жөнделіп, салынуда. Бұл Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған көлем болып табылады. Астана – Алматы, Ақтөбе – Атырау – Астрахань, Талдықорған – Өскемен трассаларын қайта жаңарту аяқталуда",-деді Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.