Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы сайлау учаскесіне барып, АЭС салу бойынша референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таңдауын жасағаннан кейін БАҚ өкілдерінің алдына шығып, бірнеше сауалға жауап берді. Оның ішінде көпті толғандыратын Атом электр станциясын кім салады деген сұрақ та болды.
Президенттің сөзінше, бұл қиын мәселе. Сондықтан Үкімет оны талдап, тиісті келіссөздер жүргізуі керек. Бірақ бұл мәселеге менің жеке көзқарасымды айтсам, Қазақстанда халықаралық консорциум жұмыс істеуі керек. Ол мәндетті түрде ең озық технологиялары бар жаһандық компаниялардан тұруы керек. Бірақ, өмір көрсетеді", — деді президент.
Еске сала кетейік, дауыс беру тізіміне 12,3 миллионға жуық қазақстандық енгізілген. Референдумға 30 шет мемлекет пен төрт халықаралық ұйымның (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес) атынан 177 байқаушы қатысады.
Дауыс беру барысын 14 мемлекеттің орталық сайлау органдарының өкілдері, соның ішінде Әзірбайжан, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстан орталық сайлау органдарының төрағалары да бақылап отыр.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 37 елден 200 шетелдік журналистерді аккредиттеді, олар да республикалық референдумды бақылап, ақпарат таратады.