Праймериз - болашаққа нық қадам

Праймериз

Құтжан Құлмашев праймеризді өткізудің жалпы ережелерімен таныстырып өтті

 12 тамыз күні аудандық "Кең Жылыой" мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясының бастамасымен өткелі отырған «Праймеризді ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстарын талқылау» мақсатында кеңейтілген басқосу жиын өтті.

Басқосуға "Nur Otan"партиясы облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімі меңгерушісі Құтжан Құлмашев пен облыстық партиялық бақылау жөніндегі инспектор, аудандық куратор Роман Мақсотов арнайы іс-сапармен келіп, қатысты. Сондай-ақ жиынға аудандық партия филиалының ұйымдастыру комитеті, санақ комиссия мүшелері, бастауыш партия ұйымының төрағалары және партиялық кадрлық резервке үміткерлер де қатынасты.

Ауқымды жиынға аудандық партия филиалының кеңесшісі Ақылбек Едігеев төрағалық етіп, ашып жүргізді. 17 тамыз бен 3 қазан аралығында елімізде алғаш рет "Nur Otan"партиясыныңұйымдастыруымен – праймериз өтетіні белгілі.

Праймериз – бұл сонау АҚШ саясаткерлерінен бастау алған, партия белсенділерін ашық таңдау тәсілі. Яғни, партия жақтастарының арасында алдын ала партияішілік сайлау өткізу арқылы, өз өйын іркілмей айтатын, қоғамдағы өзекті мәселелердің басын ашып, шешілу жолдарын тайсалмай, нақты жеткізетін, партия көшбасышаларын анықтау. Праймеризді өткізудің басты мақсаты да осы – халық мүддесі үшін жұмыс жасайтын, адуыны мықты, өз жерінде сөзі өтімді жастарды, ел қалаулыларының қатарына қосу, партия ішілік жұмыстарды жандандыру.

Басқосуда алғашқы сөз кезегін алған Құтжан Құлмашев праймеризді өткізудің жалпы ережелерімен таныстырып өтті. «Үміткерлерді ұсыну, тіркеу және оларға дауыс беру» кезеңдеріне де тоқталды.

Мәжіліс депутаттығына соңғы он жыл ішінде республика аумағында тұрақты тұрып жатқан, жасы 25-ке толған, ал мәслихат депутатығына 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер бола алады. Сот іс-әрекетіне қабілетсіз деп танылған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған, сыбайлас жемқорлыққа, қылмыстық әрекеттерге қатысы бар азаматтар праймеризге қатыса алмайды және кандидат бола алмайды.

Жалғасын "Кең Жылой" газетінен оқи аласыздар!

 

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521