Жаңа Қазақстан құру мақсатында Президентіміз Қ.Ж. Тоқаев 5 маусым күні Ата заңымыз Конститутцияға өзгерістер енгізу үшін референдум өткізу жөнінде Жарлыққа қол қойған болатын.
Бүгін 16 мамыр күні, Конститутцияға өзгерістермен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық Референдумның маңызын түсіндіру мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ожаев Нұрлыбек Жұмахметұлы ауданымызға келіп, жергілікті Шоқпартоғай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында, өзгерістер "суперпрезиденттік" басқару формасынан ықпалды парламент пен жауапты үкіметі бар президенттік республикаға өтуді және биліктің ішіндегі тепе-теңдікті орнына келтіру мақсатында Конститутциялық сотқа әрбір қазақстандық шағым бере алатыны туралы атап өтті. Елімізде болып жатырған түбегейлі өзгерістер, Президент ұсынған саяси жаңғырулар туралы мәліметтерді тұрғындар жылы қабылдап, өз ұсыныс- пікірлерімен бөлісті.