Құлсары қаласындағы # 93 учаскеге келіп дауыс берушілердің арасында қала тұрғындары, ерлі-зайыпты Әли Қарантаев пен Маржан Досжановалар отбасы бар.
60-ты алқымдап қалған сайлаушылар - референдумда Ата Заңға енгізілмек өзгертулер еліміздің дамуына серпін береді деп ойлайтындарын,алдағы жарқын күндерден көп жақсылықтар күтетінін айтады. Олар өздерімен қатар, балаларын да өз таңдауларын жасауға шақырып, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде олар да дауыс беруге тиіс дейді.Қос қарияның жүзінен жайдарылық пен қуаныш лебі еседі.
Ш.Хамитова