Отандық өнімді іздесеңіздер - ауылда

Көпшілігі ауылда кәсіп ашу мүмкін емес деген жаңсақ пікірде.

Шындығына келгенде ауылшаруашылығы өнімдері осы ауылдан шығады емес пе?! Отандық өнімнің негізі осы ауылдардан басталады.Табиғи өніммен ауданымызды қамтамасыз ететін болсақ, импорт азайып, қаржы өзімізде қалады.Ол дегеніміз экономикамызға оңды әсер етеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі екенін атап өтті. Ол шағын, әсіресе микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратынын, ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс беріп, жұмыссыздықты азайтатынын жеткізді. Мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете бермек.

Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық  қаржы бөлінген. Алдағы уақытта жаңа жобалар бойынша компаниялар құрып, жұмыс орындарын ашуға тапсырма берді. Расында да, елімізде кәсіпкерлікті дамытудың үлгі боларлық мысалдары жеткілікті. Сондықтан Президент бұл Жолдауда шағын кәсіпкерлікті бүкіл қоғам болып қолдауға шақырды.

Алтынгүл Атабаева,

сертификатталған коуч, бизнес-жаттықтырушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521