Облыстық мәслихат сайлауына кандидаттар ұсынылды

2 ақпан күні «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасы Абдолла Идресовтың төрағалығымен партия филиалының кезектен тыс ХХХVIII конференциясы өтті.

​Конференцияда партиялық тізім және бір мандатты округтер бойынша облыстық мәслихаттың сайлауына партия атынан қатысатын кандидаттар анықталды. Сайлау заңнамасының талаптарын ескере отырып, кандидаттар тізімінің сандық және сапалық құрамын сақтау мақсатында ашық форматта ұсыныстар тыңдалып, талқылау жүргізілді.

9b15e8d2-a595-408c-b70c-be23260f4fe4

​Нәтижесінде талаптарды сақтай отырып жасақталған партиялық тізімде 74,2 % «жаңа есімдер» бар. Әйелдердің үлесі – 35,5%, 29 жасқа дейінгі жастар – 10%. Кандидаттардың орташа жасы – 42. Кәсіби қызметтері бойынша көпсалалы.

Мәселен, құрамда мұнайшы, балықшы, кәсіпкер, дәрігер, мұғалім, ауылшаруашылық саласының өкілдері, жастар және қоғам белсенділері бар.

​Сондай-ақ, конференцияда «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV съезіне облыс атынан қатысатын делегаттар тізімі бекітілді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT