Нақты тапсырма, жүйелі жұмыс керек

Жуырда «Amanat» партиясының аудандық филиалында жұмыс жоспарына сәйкес, ауданға қарасты бастауыш партия ұйымдары төрағаларының қатысуымен жиын өтті. Ұйым өкілдері бұл басқосуда нақты жоспарлар мен межелі міндеттерді саралап, алдағы кезеңге серпінді бағыттар белгіледі.

Партия филиалының төрағасы С.Таласов жүргізген жиынға барлығы 12 бастауыш партия ұйымының төрағасы қатысты. Атап айтқанда, «Нұр Асу», «Теміржол», «Қосшағыл», «Жаңа Қаратон», «Жем», «ҚазТрансОйл», «Жылыоймұнайгаз», «Ақкиізтоғай», «Қара Арна», «Майкөмген», «Денсаулық» және «Құлсары» аумақтық бастауыш партия ұйымдарының төрағалары келді.

Күн тәртібінде 2025 жылға арналған мүшелік жарнаны төлеу мен партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдау мәселесі кеңінен талқыланды. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстардың маңыздылығына тоқталған қатысушылар, сапалы әрі жүйелі бастамалар арқылы партия жұмысын одан әрі күшейтуді ұсынды.

Жиын барысында «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы С.Таласов сөз сөйлеп, бастауыш ұйымдарға алдағы мерекелік шараларға орай нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, 20% нысаналы трансферт қаражатын уақытылы әрі тиімді игеріп, жоғары деңгейде мазмұнды шаралар ұйымдастыру қажеттігін баса айтты. Бұл – тек жай ғана мерекелік жиын емес, елмен етене, халықпен үндесе араласудың тағы бір мүмкіндігі екенін еске салды.

Алдағы кезеңде партияның бағдарламалық міндеттерін жүзеге асырып, елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты істер қолға алынбақ. Бұл ретте әрбір бастауыш ұйым өз бағыты бойынша бастамашыл болуы шарт. Бірлескен іс-шаралар легі, жаңа мүшелерді тарту, қоғаммен байланысты нығайту ұйым жұмысын жандандырып, жаңа тыныс, тың серпін берері сөзсіз.

Иә, партия – халықтың үні, елдің сенімі. Сол сенімді ақтау жолында бастауыш ұйымдардың еңбегі әрдайым жоғары бағаланбақ.

«Amanat» партиясының аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындардың талап-тілегіне құлақ түрген кезекті қабылдау өтті. Қоғамдық қабылдауды аудандық партия филиалының төрағасы Сайлаубай Таласов өткізді. Жеке қабылдау барысында тұрғындар көкейдегі түрлі мәселесін айтып, нақты жауаптар мен бағыт-бағдар алды.

Шешілмейтін мәселе, тарқатылмайтын түйін жоқ

Қабылдау кезінде көтерілген мәселелердің басым бөлігі әлеуметтік және жұмыссыздық мәселелерін қамтыды. Әсіресе аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайы мен күнделікті тұрмысына тікелей әсер ететін сауалдар алдыңғы орынға шықты.

Айталық, О.Б есімді тұрғын мемлекеттен берілетін тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмай жүргенін айтып, шешілу жолдарын сұрады. С.Таласов бұл мәселенің мән-жайын мұқият тыңдап, азаматқа заң аясында жан-жақты түсінік берді. Нәтижесінде қажетті медициналық көмекке мұқтаж жан қажетті дәрілерімен қамтамасыз етілді. Ал, О.Т есімді тұрғын мал сою пунктінен шыққан биологиялық қалдықтарды төгетін арнайы орынның жоқтығын айтып, мәселенің оң шешілуіне ықпал етуін өтінді. Бұл мәселе бойынша тиісті мекемелерге хабарласып, шығу арқылы оның да мәселесі оң шешімін тапты.

Тұрақты жұмыстың жоқтығы, жастардың жұмыс іздеу кезінде қиындықтарға кезігуі тұрғындарды алаңдатып отырғаны белгілі. Қабылдау барысында бұл өтініштер де назардан тыс қалмай, қос қолға бір кәсіп көзін іздеген тұрғындардың өтініші де аяқсыз қалмады. Атап айтсақ, Ж.С есімді тұрғын ауыл арасынан үйіне қатынап жасайтын жұмыс сұрап келген болатын. Оған қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктерге кондуктор болуға қызмет ұсынылып, мәселесі оң шешімін тапты. Н.Ш есімді тұрғын да дәл осындай өтінішпен келіп, ол да сол саладан жұмыс тапты.

Айта кетейік, «Amanat» партиясының қоғамдық қабылдауы халық пен билік арасындағы ашық диалог алаңына айналды. Мұндай кездесулер арқылы тұрғындардың мұң-мұқтажы дер кезінде еленіп, нақты көмек көрсетуге мүмкіндік туып келеді.

 

А.МОЛДАШЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT