Жалпыхалықтық таңдау жасалмақ

Мемлекет халықты ести бастады Ата заңымызға осыған дейін де бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп келе жатқанын білеміз.

Осыған дейін бұл біз үшін таңсық дүние болмай қалды. Өйткені онда ешкім қарапайым халықтың пікірін сұраған жоқ. Парламент қарауына ұсынады да, депутаттардың "бір ауыздан" мақұлдауымен Конституцияны өзгерте салады. Ал бұл жолғы өзгерістің жөні бөлек. Тіпті, тарихи оқиға десек те артық айтқандық емес.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқы Ассамблеясының сессиясында Конституциямызға енетін өзгерістерді жалпы халықтың таңдауына беріп, референдумда дауыс беру арқылы өткізуді ұсынғаны халықтың көкейіндегісін дөп басты.

Мемлекет басшысы өз ұсынысында "Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз!" деп атап көрсетті.

Шынымен де, бүгінде мемлекет шын мәнінде халықты ести бастағандай. Бұл көптің көкейінде жүрген мәселе еді. Түйін тарқатылып, халық енді өз таңдауын жасайтын болады.

Жаңа Қазақстанды, міне, осындай елдің пікірімен, дауысымен санасып құрсақ, болашағымыз жарқын, келешегіміз кемел болары хақ.

А.Ерғалиева, Зейнеткер,

Құлсары қаласы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT