Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын
№7 мектепте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында семинар өтті. Оны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Какимова арнайы іс-шара жоспарына сай жасалған слайд арқылы жүргізді.
Қазақ тілі мен орыс тілі пәндері бірлестігінен «Заман талабына сай тиімді мемлекет» бөлімі бойынша Г.Нұржанова Президент тапсырмасына сай Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты мектеп мұғалімдері мен білім алушыларды осы бір елеулі оқиғаға атсалысуға шақырды. С.Тасмұханова мектеп мұғалімдерінің түгелге жуық «Nur Otan» партиясы мүшесі екенін және қоғам игілігі үшін сындарлы саясат жүргізіп келе жатқан партиямен ынтымақтастықта жұмыс істейтінін айтты. «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика» бөлімі бойынша бастауыш сынып бірлестігінен Ж.Шарғабаева Жолдаудағы «...қолма-қол ақшасыз төлеу жүйесін жаппай енгізу, банктердің жоғары үстеме алымын жою, сондай-ақ банктік емес төлем жүйесін белсенді дамыту, ал бұл ақша жымқырудың көзіне айналмауы тиіс және ұлттық банктің осы салаға нақты бақылау орнатуы қажет» деген жолдардың дұрыстығын айтты.
«Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөлімі бойынша ән-саз мұғалімі Н.Базарғалиева зейнетақы жүйесін дамыту саласына ерекше көңіл бөлген Президент тапсырмасына ризашылығын білдірді. «Қуатты өңірлер – қуатты ел» бөлімі бойынша химбиология пәндері бірлестігінен З.Әбішова «Халқымызды толғандыратын барлық мәселелер бізге белгілі. Осыған орай, ахуалды жақсарту үшін іс-қимыл жоспары әзірленіп жатыр. Бізге зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын» деген Президент сенімін ақтауға лайық болайық деген тапсырмасына өз пікірін нақты дәлелдермен жеткізді.
Қ.Нұртайұлы