banner_damu

Ұлысты ұйыстырған ұлт едік

Қазақта «Алыстағы ағайыннан жақындағы көрші артық» деген нақыл сөз бар. Сол айтпақшы, дүнген халқы да оңтүстіктегі ағайынмен ауылы аралас, қойы қоралас, көрші отырған ел емес пе?! Кейбір ауыл арасындағы телі-тентектің кесірінен екі арада кикілжің орын алғаны рас. Бірақ соған бола еліміздегі өзге ұлтпен бірге айрандай ұйып отырған тұтас ұлысты кінәлауға бола ма?!

«Іштен шыққан жау жаман» дегендей, жағдайдың күрт шиеленісіп кетуі ел ішіндегі бірқатар арандатушы топтардың азғырып, отқа май құюынан деп білемін. Төгілген қан, қиылған жанның обалы сол кінәлілердің мойнында. Қайта «Ештен кеш жақсы» дегендей, жоғарғы билік басындағылар жағдайды әрмен қарай ушықтыруға жол бермей, дер кезінде бақылауға алды. Мұның өзі қазақ қоғамының өзге ұлттың басына төнген қатерге жанашырлық көзқараспен қарайтынын, халқымыздың кешірімшіл, бейбітсүйгіш екенін аңғартса керек.

Ұлағатты ұлтымыздың намысқой, арлы екенін сыртқы жұрт жақсы біледі. Бірақ қазақ халқы ұят деген ұлы ұғымды бірінші орынға қойған. Жағдайдың бастапқыда бақылаусыз кетіп, жазықсыз кісі өліміне әкеп соққаны, әрине, жанды ауыртады. Сондықтан ақсақал ретінде бұрынғыдай ауызбірлікте, татулықта бірлесіп, ынтымақта ғұмыр кешуге шақырамын!

Меңдібай Хайруллин,

Еңбек ардагері,

«Нұр Отан» партиясының мүшесі

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика