ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайылов тағайындалды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды.

Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысының ұсынысын бірауыздан қолдады. Әлихан Смайылов 2019 жылы 25 ақпанда Президент жарлығымен премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі болды. 2021 жылы 18 қаңтарда Президент Жарлығымен осы лауазымға қайта тағайындалды.

Айта кетейік, ол 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап Премьер-Министрдің уақытша міндетін атқарған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521