Кандидат Мейрам Қажыкен сайлауда дауыс берді

Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Канидат өз таңдауын жасау үшін Астанадағы №66 мектеп-лицейде орналасқан №113 сайлау учаскесіне сағат 11.04-те келді.

Ол дауыс беруге жұбайымен және қызымен бірге келді.

Мейрам Қажыкеннің кандидатурасын «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі ұсынған болатын.

Үміткер бастаған топ Қостанай, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте сайлаушылармен кездесулер өткізген болатын.

Фото: www.inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521