«Елге қызмет – ерге міндет»

Парламент мәжілісі және әр деңгейдегі мәслихат депутаттарын бірмандаттық округ бойынша сайлау алғаш рет ұйымдастырылған баршаңызға аян. Осы сайлау заңнамасына сәйкес мен де замандастарым секілді аудандық мәслихаты депутаттығына өз кандидатурамды ұсындым.

Сайлауға түсудегі басты мақсатым – ауылдың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсарту, халықты толғандырып жүрген өзекті мәселелерді шешуге атсалысу, мектеп спортын дамыту бойынша жұмыстар жүргізу, ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізу, ұлттық спорт түрлерін дамытуға басымдық беру.

Халық сайлауда өз таңдауын жасады. Мақсатымызға жету жолында өзімнің барлық күш-жігерімді салып, аянбай қызмет етуге дайынмын. «Ер мойнында қыл арқан шірімейді» дегендей, жұрттың сенімін жолда қалдырмайтыныма уәде беремін.

Мұрат Жарылғасов,

№1 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT