Мен Жылыой аудандық мәслихатына №7 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болған едім.
Аудан тұрғындарының денсаулық, білім, әлеуметтік, тұрмыстық қызмет көрсету сапасын үнемі назарда ұстау; аудандағы іскер әйелдер қауымдастығы қызметінің белсенділігін көтеру, әйелдердің кәсіпкерлік әлеуметтік мәселелерге араласу мүмкіндігін кеңейтуге жұмыстану; экологиялық жағдайларға байланысты әйелдер мен балаларды емдеу квоталарын көбейту мәселелерін жоғарғы органдардың алдына қою секілді кезек күттірмес мәселелер – сайлауалды бағдарламамның басты бағыттары болып табылады.
Халық қалаулысы болу – зор жауапкершілік жүктейді. Елдің сеніміне ие болу және сол сенімді ақтау – орасан зор еңбектенуді, әрбір сайлаушының пікіріне құлақ асып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысу деп білемін.
Депутаттың негізгі мақсаты – өз ауданы мен қаласының мәселелерін жетік білу, оны аудандық мәслихат отырыстарында көтере білу. Бұл бағытта белсене жұмыс істеп, сайлаушыларымның сенімінен шығуға тырысамын.
Сәуле МАМБЕТОВА,
Жылыой аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі