Ел өміріндегі маңызды қадам

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1, 2 тармақшаларына және «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы №888 Жарлығы негізінде Республикамыз бойынша 2022 жылдың 5 маусымына референдум тағайындалды. Осыған орай Жылыой аудандық аумақтық референдум комиссиясымен осы республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жасақталып бекітілді. Референдум дегеніміз - заң бойынша Конституция, конституциялық заңдар, мемлекеттiк өмiрдің неғұрлым маңызды мәселелерi бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру.

- Республикалық референдум қай кезде өткізіледі?

-Референдум өткізу үшін алдымен Президенттің тиісті Жарлығы шығарылады. Осы құжатта референдум өткізу мерзімі мен дауысқа салынатын мәселелер көрсетіледі. Заңға сәйкес, референдум өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап, бiр айдан ерте емес және үш айдан кеш емес мерзiмде ұйымдастырылады. Біздің жағдайымызда ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес референдум 1 ай мерзімінде өткізіледі.

-Референдумда кім дауыс береді?

- Референдумға қатысушылар Қазақстан Республикасы азаматтары болуы керек. Сонымен бірге қажетті тәртібінің бірі – дауыс берушінің жасы 18 –ге толған, іс-әрекетке қабілетті, сот үкімімен бас бостандығынан айырылмаған болу керек. Қазақстан азаматтарының барлығы ұлтына және нәсіліне қарамастан референдумға қатыса алады.

-Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға дауыс беруге мүмкіндік бар ма?

-Ауданымызда мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Оның ішінде көз жанарынан, есту қабілетінен айырылғандар, арбаға таңылған да жандар бар. Бұл азаматтар үй-жайларына инво-такси шақыртып, референдум учаскесіне келуге толық мүмкіндіктері бар. Барлық референдум учаскелері кіреберістерінде пандус, тактиль жолдары орналасқан және бюллетень толтыру үшін лупа, диск, құлаққап, Брайл шрифті тағы басқа керекті заттармен жабдықталған.

-Дауыс беру тәртібі қандай болмақ?

-Күнтізбелік жоспар бойынша учаскелiк референдум комиссиялары кемінде он күн қалғанда азаматтарға дауыс беру уақыты мен орны туралы хабарлайды. Референдум күні учаскелік референдум комиссия мүшесі дауыс берушінің жеке тұлғасын аныктағаннан кейін, тізім бойынша бюллетень беріледі. Республикалық референдумда қазақстандықтарға бір ғана сұрақ қойылады: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба? Азаматтар "иә" немесе "жоқ" деген белгі арқылы дауыс беруге тиіс. Дауыс беруді қорытындылау кезінде, егер бюллетень белгiленбеген үлгiде болса, комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаса, бюллетеньде көрсетілген жауаптардың бiрде-бiреуi сызылып тасталмаса, дауыс бергендердiң еркiн бiлдiруiн анықтау мүмкiн болмағанда, мұндай бюллетень есепке алынбайды, жарамсыз деп танылады.

-Референдум нәтижесі қалай шығарылады?

-Заң бойынша референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады. Олардың ішінде басым бөлігі шығарылған мәселені жақтап, дауыс берілсе, оң шешiм қабылданады.

Зәуре Қалмұханова,

аудандық аумақтық референдум комиссиясы

төрайымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521