Ел ертеңі жарқын болсын

19 наурыз күні болған Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы - еліміз үшін тарихи сәт. Былтырғы ата-заңымызға енгізілген өзгерістерден кейін өткізілген алғашқы сайлау. Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізімнің пропорционалдық жүйесі бойынша, ал 30 пайызы мажоритарлық жүйе бойынша іріктелетіні мәлім.

Облыстық мәслихаттар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары деңгейінде депутаттық корпус 50/50 пайыздық арақатынаста құрылады. Осылайша облыстық мәслихаттар толығымен мажоритарлық жүйе бойынша сайланады делінді. Мажоритарлық жүйе ешқандай саяси партияға мүше емес белсенді азаматтарға, әлеуметтік желі белсенділеріне, қоғамдық-саяси өмірге араласып жүрген белсенділерге саяси ұпай жинауға мүмкіндік берді.

Себебі, бұған дейін депутат атану үшін белгілі бір саяси партияның мүшесі болу керек болатын болса, осы жолғы сайлауда өзін-өзі ұсынушылар, бір мандаттық округтер бойынша өз алдына депутат атануға мүмкіндігі берді. Бұл өз кезегінде көп азаматтардың саясатқа келуіне, өзін-өзі басқару мәселесіне араласуына жақсы мүмкіндік деп білемін. Мәслихаттар арқылы осындай азаматтар көптеп келсе, бюджеттің тиімді пайдаланылуы, аумақтың, қаланың, ауданның даму бағдарламалары бойынша өзінің ұсыныстарын беруге жақсы мүмкіндік берді. Сайлау науқаны қызыққа және тартысқа толы болды деп айтуға болады.

Бұл жолы кандидаттардың сенімді өкілдері де белсенді болды. Мен секілді жастардың өзін-өзі ұсынғаны да қуантады. Осы сайлау жүйесі бұрын саяси аренада болмаған тұлғаларды шығаруы әбден мүмкін. Кешегі сайлау сондай азаматтардың танылуына зор мүмкіндік берді деп санаймын. Елдің өзіме артқан үмітін ақтап, зор сенім үддесінен табылуға уәде беремін!

Әлібек Амандықов,

аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT