Экономикалық өзгерістер күтіп тұр

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің кезекті сессиясында "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жариялады. Бұл жолғы Мемлекет басшысының Жолдауы, негізінен, еліміздің алдағы экономикалық дамуына, соның ішінде кәсіпкерлікке де арналды.

Бұл ретте соңғы кезде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалармен шектеліп қалмай, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге де жол ашу керектігін баса айтты. «Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды. Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 миллиард долларға жетті. Оның 84 миллиарды – экспорт. Сыртқы қорымыз 100 миллиард долларға жуықтады" – деген Президент алға қарай да нақты міндеттер қойды.

«Әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік жаңа экономикалық бағдарымыздың өзегіне айналады. Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша ашуға негізделеді» деген Мемлекет басшысы «Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс. Ал аса күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты мерзім бекітіледі» деп қадап тұрып айтты.

Саяси өзгерістерді бастан кешірген мемлекетіміз үшін алдағы экономикалық реформалар да өз жемісін береріне сенім мол. Оған бүгінгі Жолдаудан туындаған негізгі міндеттер айқын дәлел бола алады.
Меңдібай Хайруллин,

Еңбек ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз