Демократиялық дамуға жол ашады

 Преидент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында еліміздің Конституциясына өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынған болатын. Қазіргі таңда қоғамда қызу талқыланып, халықтың кеңінен қолдауына ие болып жатқан да осы мәселе.

-Референдум – бұл маңызды демократиялық институт, алайда Қазақстанда референдум соңғы рет 1995 жылы қолданыстағы Конституция бекітілгенде өткен. Кейін "Республикалық референдум" туралы Конституциялық заң қабылданды. Алайда ол практика жүзінде бірде-бір рет қолданылған жоқ", – деп атап көрсетті ол.

Мемлекет басшысы Конституцияға осыдан кейін де төрт рет түзетулер енгізілгенін айта келіп, Ата Заңымыздың бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгеруі егемен елдің ойын еркін білдірудің айқын көрінісі деп санайтынын жеткізді. Расында да әр азаматтың ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға құқығы бар. Бұл елдегі референдум арқылы жүзеге асады. Ол өз кезегінде мемлекетіміздің жан-жақты демократиялық тұрғыдан дамып, жаңа Қазақстан құру бағытындағы бадарымызды айқын түседі.

Ерқұл Дәулетбаев, аудандық мәслихаттың депутаты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT