Балаларға қамқорлық- ең дана шешім

Мен жыл сайын Президент Жолдауын мұқият тыңдаймын. Ал биыл осы Жолдауды тыңдай отырып ерекше толқыдым. Себебі мемлекетіміздің болашағы - балалар үшін аса маңызды тарихи әрі қуанышты жаңалық осы Жолдауда айтылды. «Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы.

Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек. Сондықтан, мен жариялаған Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын.

Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор, шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Бастаманы мұқият әзірлеу қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосуды тапсырамын,-деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.    

«Самұрық-Қазына» қоры таза пайдасының кемінде 7 пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударатын болды. Сондай-ақ, оған табысы мол кәсіпкерлер мен азаматтар  демеушілік көрсете береді деп сенетінін де айтты Мемлекет басшысы. Ауданымыздағы барша аналар да бұл шешімге риза болады деп ойлаймын. Бұл- халқымызға көрсетілген зор қамқорлық деп бағалаймын.

 

Мұстахима Исаинова,

аудандық Аналар кеңесінің төрайымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT