Ата-заңымыз конституцияға халықтың таңдауымен өзгерту енгізілетін күн.
Құлсары қаласы, Әбдірахманов көшесі Жастар үйіндегі 94 сайлау учаскесіне егде жастағы сайлаушылармен қатар жастар да келіп, еліміздің жарқын болашағына өз үлестерін қосуда. Солардың бірі ауданымыздағы Жастар ресурстық орталығының белсенді жастарының бірі Ғазиз Есенгелдин.
- Бүгінгі тарихи күнде жастардың да дауыс беруі маңызды. Конституциялық өзгерістер – бұл саяси реформа ғана емес, сонымен бірге біздің қоғамдағы үлкен өзгеріс,- дейді белсенді жастардың бірі Ғазиз Есенгелдин.