Қазақстан Халқы Ассамблеясының Жылыой ауданы бойынша мүшелері түсінік жұмыстары жүргізді

Қазақстан Халқы Ассамблеясының Жылыой ауданы бойынша мүшелері түсінік жұмыстары жүргізді.

ҚХА Жылыой ауданы әкімі жанындағы Қоғамдық Келісім төрағасы Н.Ақназаров, сарапшысы А.Сыдықова, Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесе еңбек ұжымдарында Референдум бойынша түсінік беру жұмыстарын жүргізді.

Референдумның мақсаты- "жаңа мемлекеттік модельге" көшу. Бұл Жаңа Қазақстанды құрудағы қадамдардың бірі. Конституцияның 33 ке жуық бабы өзгереді, Президенттің өкілеттігі қысқарады және ең бастысы азаматтардың саясатқа қатысуы кеңейеді және алдағы өзгерістер адам құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Жиналған ұжым еліміздегі саяси реформалардың керектігін, бұрын соңды болмаған, референдумның халық талқысына шығуын дұрыс ұсыныс деп қабылдап, жергілікті жерге байланысты сұрақтарын да қойып, жауаптарын алды.

Конституцияға өзгеріс енгізетін референдумды қолдайтындарын жеткізді.

Сонымен қатар, тұрғындар арасында брошюралар таратты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT