Ауылға бар, жас маман!

Ауданның экономика және қаржы бөлімінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды әлеуметтік қолдау мақсатында жас мамандарға мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

 

Аталған бағдарлама аясында 2017 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс жасауға және тұруға 8 маман келді, оның ішінде денсаулық сақтау саласы бойынша 1 жалпы тәжірибелі дәрігер  Жем ауылдық округіне жұмысқа орналасты.

Ал білім беру саласына 6 маман келіп, ауыл мектептері бастауыш сынып, химия, технология және денешынықтыру пәні мамандарымен толықты.1 маман бюджеттік кредитке Жаңа Қаратон кентінен тұрғын үй сатып алды.

Ауылшаруашылығы саласы бойынша аудандық ветеринария стансасына 1 ветфельдшер маманы келіп, Жаңа Қаратон кентіне орналасты.

2018 жылы аталған бағдарламаға сәйкес ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін мамандарға жергілікті бюджеттен 70 АЕК (айлық есептік көрсеткішке) тең сомада, яғни әр маманға 168350 теңгеден біржолғы көтерме жәрдемақы және 1500 АЕК (айлық есептік көрсеткішке) тең сомада, яғни 3607500 теңге 0,01 пайызбен бюджеттік кредит тұрғын үй сатып алуға  қаражаттар қарастырылғанын хабарлайды.

Мамандарға қалалардан және өзге де елді мекендерден келіп, ауылдық елді мекендерге жұмыс жасауға және тұруға ниет білдірген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандықтары бойынша жоғарғы және жоғарғыдан кейінгі,техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері, сондай-ақ көрсетілген білімі бар мамандар жатады.

Толықтай мәліметтер алу үшін төмендегі мекен-жайға немесе байланыс телефондарына хабарласуға болады.

Мекен-жайымыз: Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 20

Байланыс телефондары: 5-01-61; 5-13-63; 5-16-87.

Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521