«Аудан әкімі өз таңдауын жасады»

Құлсары қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп ғимаратында нөмірі 260-ыншы және 235-інші дауыс беру учаскелері орналасқан. Аталған білім беру мекемесіндегі  №235 - учаскеге аудан әкімі Халел Жамалов та барып, тарихи маңызды күнде өз таңдауын жасады.

-Бүгін Республикамыздың барлық өңірінде өткізіліп жатқан референдумның келешек ұрпақтың ертеңгі тағдыры үшін мәні мен маңызы аса зор. Мен мемлекет болашағы - жастардың алдағы тағдыры үшін, олардың дамыған, озық мемлекетте өмір сүруі үшін дауысымды беруге келдім, - дейді аудан әкімі Халел Жамалұлы.
Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT