banner_damu

Атырауда жол апатынан 5 адам қаза тапты

Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті хабарлады.

14 қаңтар күні сағат 11:30 шамасында Құлсары-Бейнеу тасжолының 15 шақырымында армениялық Honda Odessey және Ресейде тіркелген Ваз 2115 автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан Ваз 2115 автокөлігінің 1996 туылған жүргізушісі және үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Ал, екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы Жылыой ауданының ауруханасына жеткізілген. Жолаушы алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды.

Қазіргі таңда, жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары басталды. Әзірге Ваз 2115 авткөлігінің жүргізушісі көлік жүргізу куәлігін алмағаны анықталды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика