АТЫРАУДА САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ 51,23%-Ы ДАУЫС БЕРДІ

2023 жылғы 19 наурызда, дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК мүшелері дауыс берушілердің келуі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.

Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда елорда уақытымен сағат 22.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19% бюллетеньдер алды.

Оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша – 57,02%

2. Ақмола облысы бойынша – 60,01%

3. Ақтөбе облысы бойынша – 58,00%

4. Алматы облысы бойынша – 60,03%

5. Атырау облысы бойынша – 51,23%

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,20%

7. Жамбыл облысы бойынша – 65,21%

8. Жетісу облысы бойынша – 55,32%

9. Қарағанды облысы бойынша – 59,48%

10. Қостанай облысы бойынша – 65,10%

11. Қызылорда облысы бойынша – 67,21%

12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,10%

13. Павлодар облысы бойынша – 58,68%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%

15. Түркістан облысы бойынша – 53,01%

16. Ұлытау облысы бойынша – 58,99%

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%

18. Астана қаласы бойынша – 42,91%

19. Алматы қаласы бойынша – 25,82%

20. Шымкент қаласы бойынша – 45,46%

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521