banner_damu

Атырауда коменданттық сағат кезінде жолаушыларды қарсы алып, шығарып салуға рұқсат берілді

13 қаңтардан бастап, атыраулықтар жолаушыларды коменданттық сағат кезінде әуежай мен теміржол вокзалдарынан қарсы алып, шығарып сала алады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ол үшін жолаушыда жол жүру билеттері (суреті) және жеке басын куәландыратын құжаттары болуы керек. Шығарып салушы да жеке куәлігін алып жүруі қажет.

Еске сала кетелік, Атырау облысы жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы коменданттық сағат кезеңіне орай, Атырау қаласына (түнгі уақытта) келетін адамдарды тасымалдау үшін, теміржол вокзалы мен әуежайдан қаланың шағын аудандары, оның ішінде қала маңы бойынша 10 жолаушылар автобусы тасымалын ұйымдастырды.

Бұған дейін хабарланғанындай, Атырау облысында түнгі сағат 23.00-ден таңғы 07.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика