Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге қатысты

Аймақ басшысы Атыраудағы Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының ғимаратында орналасқан №8-сайлау учаскесінде дауыс берді, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов жерлестерді сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырды.

- Тарихи мүмкіндік бәріміздің өз қолымызда! Бүгін сайлауға келіп дауыс беру арқылы болашақ ұрпақ алдындағы парызымызды өтеп жатырмыз. Бүгін қандай іргетас қалаймыз, бүкіл ел тағдыры әрі қарай солай қалыптасады.
Жерлестерімді белсенділік танытып өз таңдауын жасауға шақырамын ,-деді Серік Шәпкенов.

Атырау облысы бойынша 261 сайлау учаскесі бар. Олар таңғы сағат 7:00-ден 20:00 аралығында ашық болады. Облыс бойынша 409 949 сайлаушы тіркелген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521