Арда бабалардың асыл арманы

ТӘУЕЛСІЗДІК – КЕШЕГІ БАБАЛАР АҢСАУЫ, БҮГІНГІ АЛАШ ҰРПАҒЫНЫҢ ҚОЛЫ ЖЕТКЕН АСЫЛ АРМАНЫ. ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ЖЕТЕР ЖОЛ ҚАЙ КЕЗДЕ ДЕ, ҚАЙ ЕЛДЕ ДЕ ЖЕҢІЛ БОЛМАҒАН. 30 ЖЫЛ ІШІНДЕ ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТІҢ АЛҒАН АСУЫ МЕН ЖЕТКЕН БЕЛЕСТЕРІН ЕСКЕ АЛҒАНДА СОЛ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ДА ЕСТЕН ШЫҒАРМАҒАН ЖӨН. ЕГЕМЕНДІК ЖОЛЫНДА МАХАМБЕТ БАБАМЫЗША ТОЛҒАСАҚ «ЕГЕУЛІ НАЙЗА ҚОЛҒА АЛЫП, ЕҢКУ-ЕҢКУ ЖЕР ШАЛЫП» ЖАУМЕН ЕГЕСКЕН, ЕРЛІКПЕН КҮРЕСКЕН БАТЫРЛАРЫМЫЗДЫҢ ЕҢБЕГІ АҚТАЛЫП, ЕЛІМІЗ ҚАЗІР ДЕ ТАЛАЙ БИІК БЕЛЕСТЕРДЕН КӨРІНУ КЕЗЕҢІНДЕ. ОСЫНДАЙ ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕ КЕРЕГЕСІН ТІКТЕП, ШАҢЫРАҒЫН БИІКТЕ ҰСТАП ДАМЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ЖАС МЕМЛЕКЕТ ҮШІН ӘЛЕМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ЖЕТІСТІКТЕРІ МАҢЫЗДЫ. СОЛ ЖЕТІСТІКТЕРДІҢ АРҚАСЫНДА ЕЛІМІЗ КӨЗ ҚУАНТАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛУ ҮСТІНДЕ.ОСЫ ОРАЙДА ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛЫ – ҰЛЫ ЖОЛ ДЕСЕК, АРТЫҚ АЙТҚАНДЫК БОЛМАС.


Егемендігіміздің бір көрінісі – мемлекеттік рәміздеріміз. Ілгері қарай алғаш қадамдарын жасап, төл рәміздеріміз жарыққа шықты. Ұлттық нышанымыз көк Туымыз желбіреп, еңселі Елтаңбамыз және Гимніміз төрге ілінді. Тәуелсіздік жылдары ел бірлігі нығайып, әлемдегі озық ел қатарына қосылуға ұмтылудамыз. Тарих кезеңдерінде 30 жыл – қас қағым сәт. Алайда елімізде қысқа мерзімде жүздеген жылдарға бағытталған нық қадамдар жасалып келеді. Осы жылдар кезеңінде еліміз талай қиындықтарды еңсеріп, биік асуларды бағындыруына, әлеуметтік-экономикалық дамуына бауырмалдығымыздың арқасында қол жеткізіп отырмыз. Біз көп ұлтты мемлекетпіз, соған қарамастан бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Бұның барлығы – сарабдал саясат пен ауызбіршіліктің арқасы.
Өткен 30 жыл - Қазақстан Республикасының мемлекет ретінде қалыптасу кезеңі болды. Күннен-күнге Жер жаһандағы қоғамдық үдерістерге байланысты, адамзат баласының сана сезімі бірге өзгеріп, жаңа сапаға ие болуда. Елбасының 2017 жылы шыққан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарық көрген болатын. Мұнда бұқаралық сананы қалай өзгерту туралы егжей – тегжейлі жазылған.Тұңғыш Президентіміздің қол қойған алғашқы Жарлықтарының бірі – 1991 жылғы тамыз айындағы “Семей полигонын жабу туралы” Жарлығы болды. Елбасының осы тарихи шешімі дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге айналды.
Қазіргі таңда дүние жүзінде дамыған көп елдер секілді біздің де елдің саяси, экономикалық, өнер, білім, туризм орталығы болып саналатын сұлу қалаларымыз бар. Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласына келген шетел азаматтары таңырқамай кетпейді. Тәуелсіздікке қол жеткізген еліміздің халықаралық қатынастағы жеңістері өз еліміздің экономикасына үлкен қарқын алып келген болатын. Бұл күндері бізді әлемнің түкпір-түкпірі таниды, көптеген елдермен достық қарым-қатынастамыз.
Еліміз спорт саласында жоғары деңгейге көтеріліп, жүлделі орындардан көрініп жүр. Міне, төрткүл әлем көз тігетін осынау спорттық сайыста Қазақстан өз Туын тұңғыш рет жоғары ұстап, көкірегін мақтаныш пен шаттық керней алып шықты. Сол сәтті көрудің өзі бақыт еді. Бұрын КСРО-ның қанқызыл туының астында елеусіз өте шығатын ел енді өз егемендігі бар, өз шаңырағы бар мемлекет екендігін өз Туын асқақ ұстап шығуымен барша әлемге жария етті. Содан бері спорттағы жетістіктерін төрткүл дүниеге паш етуде. Тәуелсіздік алғалы бері спортшыларымыз жазғы және қысқы олимпиада ойындарына қатысып, жүлделі орындар алуда. Қазақстандық спортшылар Әлем чемпионаттарында, Азия чемпионаты мен Азия ойындарында да жеңістерге жетуде. Өз елімізде де дүбірлі дода Азия ойындары 2011 жылы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында өткен болатын. Азия ойындарына 17-ден астам ел қатысып, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізілді және 59-дан астам медаль сарапқа салынды.
Мемлекетіміз халықаралық ареналарда да жетістіктерге жетіп келеді. Соның бірі бүкіләлемдік “Экспо-2017” көрмесі. Бұл көрме - Тәуелсіз Қазақстанның ең көлемді жобаларының бірі. Аталған жоба Елордамызда 3 ай бойы абыроймен өткізілді.
Сонымен қатар Елбасының бастамасымен қабылданып, қазіргі таңда жүзеге асып жатқан “Қазақстан-2050”cтратегиясы, “Нұрлы жол”, “100 нақты қадам” – әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына кіруге үлесін қосып келеді.

А.ЖҰМАБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521