Арандатушылардың азғыруына ермейік!

Әрине, қазақшылықтың қаймағын қалқып ішкен, ар-ұяты, адамгершілігі бар өскелең ұрпақ ата-бабаның мұндай өсиетті сөздерін құлаққа құйып өсері хақ. Қазір, жасыратыны жоқ, саясат сахнасына шыққан солақай көзқарастағы, өздерін оппозиция көшбасшысымыз деп жариялап жүргендер қазақтың қанатты сөзін не қылсын?! Бейбіт жатқан бұқараны митингіге шақырып, заңға қайшы әрекетке итермелеуде. Мұндай шет мемлекетте жүріп, ел ішіне іріткі салушыны «біреудің қолымен от көсеуші» демей не дейміз?!

Оларға Қазақстан тыныштығынан айрылып, қазіргі биліктің бүлінгені керек. Бізге қазіргі заманда ең бастысы, тыныштық пен туыстық, бейбітшілік пен ынтымақ, ағайынның амандығы, елдің есендігі ауадай қажет. Олай болса, заңсыз шеру елдің шырқын бұзады. Сондықтан барша ағайынды ақпанның 22-сі күні көшеге шығып, арандатушының азғыруына арандап қалмауға шақырамын.

М.МҰХАНБЕТҚЫЗЫ

COVID 19

covid

Күнтізбе