Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

Президент Жарлығы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

«Мемлекет Басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Аида Ғалымқызы Балаева 46 жаста. Алматы облысының тумасы. Тұрмыста, үш баласы бар. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша тәмaмдаған. 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің заңгер мамандығын алған.

Қызмет жолына тоқталсақ:

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Алматы облыстық Ақпарат және қоғамдық келісім департаментінің қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің жетекші маманы, Алматы қаласы Ақпарат басқармасы басшысының міндетін атқарушы (1999-2004);

Алматы қаласы Ішкі саясат департаменті директорының бірінші орынбасары (2004-2006);

Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры (2006-2008);

Департамент директоры, Астана қаласының Ішкі саясат департаментінің бастығы (2008-2010 жж.);

Астана қаласы әкімінің орынбасары (2010-02-12.2014);

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (12.30.2014-07.2019); 2019 ж.

22 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

azattyq-ruhy.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521