Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімі жанындағы Аналар Кеңесі Референдум маңыздылығын талқылады

Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімі жанындағы Аналар Кеңесінің Г.Ерғазиева кеңес мүшелеріне Референдум жөнінде түсінік беру жұмыстарын жүргізді.

Референдумның мақсаты- "жаңа мемлекеттік модельге" көшу. Бұл Жаңа Қазақстанды құрудағы қадамдардың бірі. Конституцияның 33 ке жуық бабы өзгереді, Президенттің өкілеттігі қысқарады және ең бастысы азаматтардың саясатқа қатысуы кеңейеді және алдағы өзгерістер адам құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Алғаш рет конституциялық реформа тікелей жалпыхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын болады, сондықтан оған еліміздің барлық азаматтарының қатысуы өте маңызды!

Жиналған ұжым еліміздегі саяси реформалардың керектігін, бұрын соңды болмаған, референдумның халық талқысына шығуын дұрыс ұсыныс деп қабылдап, жергілікті жерге байланысты сұрақтарын да қойып, жауаптарын алды.

Конституцияға өзгеріс енгізетін референдумды қолдайтындарын жеткізді.

Сонымен қатар, Аналар Кеңесінің мүшелері өз тараптарынан Референдумның маңыздылығын ескеріп, насихат жұмыстарын жүргізетіндерін жеткізді.

#referendum2022

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT