Шикізат өнімдері тасымалданбайды

Атырау облысы бойынша Шекара қызметі департаменті белгілі бір өнімдерді шекара арқылы көрші мемлекеттерге шығаруға шектеу болатындығын айтты.

Департаменттің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, сұйытылған мұнай газы, бензин, дизель отыны, мұнай өнімдері мен ағаш материалдарының жекелеген түрлері туралы сөз болып отыр.

Бұл өнімге Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттері арқылы Ресей Федерациясына әкетуге шектеу енгізіледі. Шекара қызметі тыйым салынған материалдарды тасымалдау тәртібін бұзу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521